Эбола қайта өршіді: 2 мыңнан астам адам қаза тапты
Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының басшысы Тедрос Гебрейесустың айтуынша, 2026 жылы таралып жатқан Эбола індеті қарқын сақталған жағдайда тарихтағы ең жойқын індеттердің біріне айналуы мүмкін.
Қазіргі мәлімет бойынша, кемінде 4,3 мың адам инфекция жұқтырып, 2 мыңнан астам адам қайтыс болған.
ДДСҰ жағдайды алдағы үш айда толық бақылауға алуды көздеп отыр. Алайда бұл індеттің толық жойылатынын емес, вирустың таралуын тоқтатуды білдіреді.
Тедрос Гебрейесус қазіргі жағдай 2014-2016 жылдардағы Эбола індетінен де асып түсуі мүмкін екенін айтты. Ол кезде кемінде 11 мың адам көз жұмған.
Ұйым өкілдерінің мәліметінше, індет мамыр айында ресми түрде жарияланғанымен, оның таралуы одан бірнеше ай бұрын басталған.