Эгей теңізінде екі күнде 200 жер сілкінісі болды
Эгей теңізінде, Циклад архипелагының аралдарында соңғы 48 сағатта магнитудасы 4,5-ке дейін жететін 200-ден астам жер сілкінісі болды.
Оқиғадан кейін Грекия премьер-министрі Кириакос Мицотакис шұғыл жиын шақыру туралы шешім қабылдаған.
Түркия Төтенше жағдайлар және Апаттарды басқару басқармасының (AFAD) сайтында жарияланған ақпаратқа сәйкес, эпицентрі Эгей теңізінде жексенбі күні кешке 4,5 балдық жер сілкінісі тіркелді.
Екі күн бойы теңізде бірнеше жер сілкінісі тіркелді. Жер асты дүмпулерінің 10,45 шақырым тереңдікте болғаны анықталды.
Грекиядағы жанартаулық Санторини аралының айналасында соңғы күндері сейсмикалық белсенділіктің артқаны атап өтілді. Сонымен қатар, ресми мәліметтерге сәйкес, жер сілкінісінің Санторинидегі жанартауға қатысы жоқ.
Жергілікті БАҚ-тың хабарлауынша, билік төрт аралдағы мектептерді жауып, барлық қоғамдық шараларды тоқтатқан.