Live

Қазақстан мұнайы қайта қымбаттап жатыр

14 қыркүйекте Brent маркалы мұнайдың бағасы барреліне 108 доллардан асты. Ал қазақстандық CPC Blend сұрпы одан да жоғары бағамен – 112,11 доллардан сатылып жатыр.

Мұнай

Мұнай бағасының күрт өсуіне Сауд Арабиясындағы East-West мұнай құбырына жасалған шабуылдар, сондай-ақ Ормуз бұғазы мен Баб-эль-Мандеб бұғазындағы кеме қатынасына төнген қауіп әсер еткен.

Әлемдік нарықтағы іркілістер мұнай қорлары есебінен өтеліп жатыр. Алайда қорлар жылдам азайып келеді. Ақпан айынан бері олар 507 млн баррельге қысқарған.

Халықаралық энергетика агенттігінің болжамынша, жыл соңына қарай әлемдік мұнай ұсынысы тәулігіне 5,7 млн баррельге төмендеуі мүмкін.

Әсіресе дизель отынының бағасы қатты өскен. Мысалы, АҚШ-та оның құны алғаш рет галлонына 6 доллардан асты. Бұл шамамен литріне 710 теңге.

Тегтер: қазақ мұнайы
Сайт  Әкімшілігі
Сайт Әкімшілігі Сайт Әкімшілігі

Оқыңыз