COVID-19

Екі миллион теңге дауы: дәрігерлердің жартысынан астамына өтемақы төленбейді

Екі миллион теңге дауы: Коронавирус жұқтырғандәрігерлердің жартысынан астамына өтемақы төленбейді850 медицина қызметкерінің 66пайызы – емханаларда, инфекцияға қатысы жоқ ауруханалар мен сыртта жүріпжұқтырып алғандарКоронавирусқа шалдыққандәрігерлерді алалап, өтемақы төлемеу – медицинаға жасалған қиянат.

Екі миллион теңге дауы: дәрігерлердің жартысынан астамына өтемақы төленбейді

БүгінАлматыда Орталық қалалық клиникалық аурухананың дәрігерлері осылай депшағымданды. Алматының бас санитар дәрігері жақында бұл медициналық мекемеден 11сәуірден бері 263 адамның COVID-19 жұқтырғанын айтқан болатын.  

Бүгін Azattyq Rýhy  тілшісіне сұқбат берген ауруханадәрігерлері Президенттің атына хат дайындап жатқандарын мәлімдеді. РВ-90шағынауданындағы туберкулездерді емдейтін ауруханаға оқшауланған бір топдәрігер компенсация мәселесіне алаңдайды. Коронавирус жұқтырған дәрігерге 2миллион теңге мөлшерінде сақтандыру төлемі берілетінін биыл 30 наурызда ҚРАқпарат және қоғамдық даму министрі Дәурен Абаев мәлімдеген. Ал медициналыққызметкер қайтыс болған жағдайда 10 миллион теңге мөлшерінде туыстарынатөлемақы берілетіні айтылды.

«Мен Әуелов Нұргали Өтебекұлы, Алматы қаласыОрталық қалалық клиникалық ауруханасының хирург дәрігерімін. Құрметті ПрезидентҚасым-Жомарт Тоқаев мырза, Сізге біздің аурухана қызметкерлері түгелдей дерлікКВИ жұқтырып ауырып жатқанымыз белгілі шығар. Бұл ауру өте ауыр екенін өзбасымыздан өткеріп жатырмыз. Бірақ БАҚ арқылы Денсаулық сақтау министрлігініңмедицинадан хабары жоқ өкілі (Диас Ахметшәріп — ҚР Денсаулық сақтауминистрлігінің ресми өкілі — авт.) бізді әдейі КВИ жұқтырды дегенге келтіріпжатыр. Сондағысы, бізге компенсация бермеу мақсаты болар.

Бізжұмыста, қызмет барысында жұқтырдық. Біздің аурухана көп салада жеделнауқастарға көмек көрсетеді. Ауырып келген науқаста алдын ала КВИ бар ма, жоқ па, белгісіз. Бәріміз бір науқастан жұқтырғанымызға күмән жоқ.Өйткені, бәріміз бірдей уақытта ауырдық. Тек жас ерекшеліктеріне байланыстыауруды әртүрлі өткеріп жатырмыз. Обаға қарсы костюмді өзіміз сатыпалмауымыз керек. Біз денсаулық саласында осыншама жыл қызмет етіпжүріп, осындай қарым-қатынасқа тап боламыз (көзқарас — авт.)боламыз деп ойламаған едік», — дейді дәрігерлердің бірі.

Орталық қалалықклиникалық ауруханасы хирургия бөлімінің дәрігері Елнұр Ахметов те қазіркоронавирус жұқтырып, 15 күннен бері ауруханада жатқанын айтады. Оның қауіптііндетті жұқтырғаны 11 сәуірде белгілі болған. Өз әріптестерімен біргеинфекциялық стационарда емделіп жатқанын айтады.

«Бізқазір Түрксіб ауданындағы бұрынғы туберкулезден емдейтін ауруханада жатырмыз.Өз басым 11-інен бері үйдегі отбасы мүшелерімді көрген жоқпын. Үйде әйелім менқызым бар. Олардан сараптама теріс болып шықты. Шүкір. Бізді «Алувия» депаталатын вирусқа қарсы жалғыз препаратпен емдеп жатыр. Дәрігер ретінде айтайын,оның салдары ауыр болады. Кейін денсаулығымыз қалай болатынын білмейміз. Өзбасымда коронавирустың барлық симптомы болды. Енді алдағы екі күнде анализтапсырамыз. Оң болса, үйге жібереді. Теріс болып шықса, тағы да жатуымызмүмкін», — дейді хирург дәрігер.

COVID-19 індетіненемделіп жатқан дәрігерлерді алаңдатқаны – ҚР Денсаулық сақтау министрініңресми өкілі Диас Ахметшәріптің мәлімдемесі болуы мүмкін. Ол сейсенбі күніреспубликалық телеарналардың біріне сұқбат беріп, короновирусты емдеуменайналыспайтын медициналық мекеме қызметкерлеріне өтемақы төленбейтінін жәнеондай қызметкерлердің ауруларды қайдан жұқтырғанын анықтау үшін тексерулержүріп жатқанын айтқан.

Аурухана мамандарыкөпсалалы шұғыл медициналық көмек алу үшін тәулігіне 320-390 науқас келіпқаралатынын, олардың қайсысы коронавируспен ауырып келгенін анықтау мүмкін емесекенін айтады. Ал обадан қорғайтын арнайы киімді бұл ауруханаға тек07.04.2020 жылы жеткізген.  

«КВИжұқтырған дәрігерлерде ертеңгі күні болатын асқынулар мен фиброз, цирроз,бүйрек жетіспеушілігі сияқты патологияларына кім жауапты? Сіздердіңкөздеген мақсаттарыңыз бізге қолдау көрсету ме, әлде өзімізді айыптау ма?Бақылау тесттері алынған анализ 14 күннен кейін оң мәнді болып шығыпжатыр, ол емдеу хаттамасының дұрыс емес екенін көрсетеді, мүмкін біліктімамандардың басын қосып ортақ хаттама жасарсыздар? 28.04.2020 жылы «КТК»телеарнасында Диас Ахметшәріп бізді айыптағандай болды. Денсаулық саласындаосыншама уақыт қызмет етіп жүрген бізге осындай қарым-қатынасжасағандарыңыз әрбір дәрігер мен медицина қызметкерінің түсіп тұрған еңсесінодан әрмен құзға итермелеумен теңдей болып тұр. Берілетін өтемақыны талапетпейміз, бірақ денсаулығымызды қалпына келтіруге кететін шығынды кім өтейді», — делінген редакцияға ұжым атынан жолданған хатта.

Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, елде 820 дәрігер коронавирусжұқтырған. Azattyq Rýhy тілшісінеДиас Ахметшәріп «осы 850медицина қызметкерінің 66 пайызы – емханаларда, инфекцияға қатысы жоқауруханалар мен сыртта жүріп жұқтырып алғандар» деп мәлімдеді. Ондай дәрігерлер нуқастарды қабылдапотырған кезде немесе ота жасап жатқан кезде жұқтыруы мүмкін, қазір біз мұныанықтап жатырмыз, эпидемиологиялық сараптамалар жасалып жатыр дедіминистрліктің ресми өкілі.

«Алматы Орталық қалалық клиникалық ауруханасыошақ ретінде тіркелді ғой, ең көп жұқырып жатқандар да сонда. Оларғаөтемақы төленбейді. Өйткені, олар жұмыста отырып жұқтырып алды. Біреуі алыпкелді. Біреуі сырттан жұқтырды. Бұлардың тікелей жұмысы инфекциялық аурулардыемдеу емес.  2 млн теңге тек қана сол стационарлық емдеу мекемесінде, яғникоронавирус індетін жұқтырып, солардың қасында күндіз-түні емдеп жатқандәрігерлерге беріледі.  Яғни, өзінің жұмысын атқарыпжүріп жұқтырып алған дәрігерлер.

Инфекциялық және провизорлық стационарлар, солжерде яғни, індеттпен ауырып жатқан науқастың қасында жатқандар, тамақтарынберіп, емдеп, төсектерін жинап жүрген медбикелер бар. Күндіз-түні соларменарпалысып, күреске қатысып жатқан дәрігерлер жұқтырып алса, солар ғана 2миллион теңгені алады. Ал 12-ші клиникалық ауруханада біреу көз дәрігері, біреужүрек дәрігері, олар өз кабинетінде отырды да, бір науқасты тексеріпжатып жұқтырып алды.

Сондаол не үшін 2 млн теңге алады? Ол өзі қорғануы, тиісті бас киім, маска киюі,қолғап киюі керек еді, өйткені ол жерде карантин жарияланған. Карантин бірай бұрын жарияланған», — дейді министрлік өкілі.

Елде корорнавирусжұқтырып, емделіп жатқан қазақстандықтардың еміне қанша қаражат жұмсалыпжатқаны туралы «Қазақстан әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» Басқарматөрағасы Айбатыр Жұмағұлов мәлімет берген болатын. Қор басшысы «СOVID-19»вирусымен күреске республикалық бюджеттен 55,9 млрд теңге бөлінгенінайтты. Оның ішінде, короновируспен күресіп жатқан медицина қызметкерлерінеүстемеақы ретінде 35,8 млрд теңге қарастырылғаны белгілі болды. Ал індетжұқтырған 800-ден астам медицина қызметкерлерінің арасында 2 млн теңгелікөтемақы әлі ешкімге төленбеген.

Ришат Асқарбекұлы, 

Алматы

Тегтер: Без Тега
Қуаныш  Қаппас
Қуаныш Қаппас Қуаныш Қаппас

Оқыңыз