Саясат

Екі сиыр және жаңа партияның пиары

Алматыда бүгін,қарашаның 23-і күні азаматтық бастамалардың Real Haq Alany жалпыұлттық конгресіөтті.

Екі сиыр және жаңа партияның пиары

Жиынды таяуда партия құратынын мәлімдеген «Халыққа адал қызмет» азаматтыққозғалысының жетекшісі, кей баспасөз Бекболат ТІЛЕУХАННЫҢ келіні деп таныстырыпжүрген Тоғжан ҚОЖАЛИЕВА ұйымдастырды.

Жиын өтіп жатқанғимараттың алдына ұйымдастырушылар екі сиыр байлап қойыпты. «Назарбаев асырадеген екі сиыр ғой, далада жаурап қалмас үшін ішке кіргізейік» депұйымдастырушылар екі сиырды жиын өтіп жатқан залға жетектеп кірді де,кіреберіске байлап қойды.

Алматыдағы ADF плазағимаратының паркингінде өткен шараға жүз шақты адам қатысты. Кәсіпкер, меценатМарғұлан СЕЙСЕМБАЙ, «Көкжайлауды қорғайық!» бастамашыл тобының өкілі Ажар ЖАНДОСОВА,экономист Олжас ҚҰДАЙБЕРГЕНОВ, қаржыгер, KEGOC АҚ-ның бұрынғы басшысы Әсет НАУРЫЗБАЕВжәне тағы белсенділер спикер ретінде қатысып, өз саласына қатысты ой-пікірлеріменбөлісті.

Залдың оң жағынақойылған үстелдер мен стендердің жанында кәсіпкерлер мен үкіметтік емесұйымдардың өкілдері өз өнімдері мен әлеуметтік бастамаларын таныстырып жатты.Кәсіпкерлердің бірі өзі жасайтын жеміс-жидек қағын мақтап сатып тұрса, ендібірі пластик пен шыны құтыны қайта өңдейтінін тамсана айтып жатты. Зағипбалаларға кітап жазған жазушы, мүмкіндігі шектеулі жандарды қолөнерге баулитынотбасы, есепшінің тегін курстары, күн панельдері мен LED шамдарын жасапшығарушы, кез келген адамды актерге айналдыратын playback театр, бәрі осы жердентабылды. Көрме сайысқа қатысып жатқан бұлардың барлығы жанына жолай кеткенадамға өз істерінің маңызды екенін жалықпай түсіндіріп жатты. Мұның да өзсебебі бар. Ұйымдастырушылар ең көп дауыс жинайтын жобаға 50 мыңнан 200 мыңтеңгеге дейін ақшалай сыйлық қарастырған. Сөйтіп, шараға келгендерге дауыс берустикерлері таратылып, жұрт өзіне ұнаған жобаның стендіне стикерін қыстырып,дауыс беріп жатты.

Жиында қарапайымжұрттан гөрі көрме жарысқа қатысып жатқан кәсіпкерлер, үкіметтік емесұйымдардың өкілдері мен аймақтан келген журналистер мен блогерлердің қарасы көпболды. Павлодар, Ақтөбе, Атырау, Қарағанды, Шымкент пен Қызылордададан келгенон шақты аймақтық телеарна мен газеттердің журналистері және блогерлер мінбердесөйлеген спикерлерді мұқият тыңдап, артынша жеке сұхбат жазып жатты. Алматыдағыжиынға не себепті келгендерін сұрағанымызда, кей журналистер өздерінұйымдастырушылар арнайы шақырып, жол-пұлы мен қонақ үй шығынын көтергенінжасырмай айтты.

Мұның рас-өтірігінанықтап, жиынның мақсат-міндетін білу үшін шараны ұйымдастырған ТоғжанҚОЖАЛИЕВАҒА сұрақтарымызды қойдық.

–   -Тоғжан ханым, мұндай шараны ұйымдастыру,  аймақтардан келген журналистерді шақыру,ғимаратты жалдау ресурстарды талап ететіні түсінікті. Аймақтардан келгенжурналистер мен блогерлердің жол шығынын сіз көтердіңіз бе?

–  -Аймақтарданкелген он кісінікін ғана. Мысалы, сіз өзіңіз келдіңіз бе? – деді Т.Қожалиева өзін бейнекамераға түсіріптұрған қарағандылық блогерге қарата. Ол бірден «иә» деп басын изеді.–Көптеген қалалардан өздері келді. Маңғыстау, Қызылордадан өздері келді.Отызшақты журналист жүр. 10 журналисті өзіміз шақырдық. Өйткені Алматыдағыбелсенділік туралы басқа аймақтар білсін деп өзіміз әдейі шақырдық. Оларғаақшалай төлеп бердік.Өйткені мақсатымыз осы белсенділіктің толқынын бүкілҚазақстанға жаю.

–  -Құпия болмаса, бұл журналистердің жол шығынын өзіңізтөледіңіз бе?

–  -Иә,өз қалтамнан төледім. 20 жылдан бері бизнестемін. Күйеуім де бизнесте. Қазірбіз тұрған ғимарат – біздің жобамыз.

–  -Сонда мына ғимарат сіздердікі ме?

–  -Біздердікіемес, біз жалға алып отырмыз. Бірақ бүкіл салынып жатқан осы  офистер – біздің жобамыз. Біз негізікүйеуіміз екеуміз бизнесте жүрген адамдармыз.

–  -Қазір өтіп жатқан азаматтық бастамалардың Real Haq Alanyжалпыұлттық конгресі жиыны сіз құрамын деген партияның PR акциясы ма?

–  -PRболса, оның несі жаман?!

–  -PR акция ма?

–  -Біріншіден,басқа партиядан ерекшелігіміз, тек қана саяси талаптарды қоймаймыз. Соныменбірге экология, білім, денсаулық жүйесіндегі проблемаларды көтеру негізгімақсатымыз болды. Егер қоғамға пайдалы болса, онда PR көпбола берсін.

–  -Яғни саяси партияның насихаты ғой?

–  -Мүмкін.Өйткені бірінші партия тек қана саяси сұрақтар қоймайды деген месседждіжеткізгіміз келеді. Қарапайым мәселелерді де көтереміз. Біздің шарамыз бізосындай партия, басқалардан өзгеше боламыз, әртүрлі мәселе қоямыз дегенмақсатты көздейді.

–  -Жиын қарсаңында, оған дейін де сіз Б.Тілеуханның келіні,Тимур Құлыбаев басқарған KazEnergy-де жұмыс істеді, Т.Құлыбаевтың адамы екендеген әңгімелер тарады. Бұған не дейсіз?

–  -Бүкілолигархтарды бізге қосты. Тіпті Қытай тыңшысы деді. Мен жоқ жерден шыққанжоқпын. Жасым 47-де. 1996 жылдары өте белсенді болдым. «Қазақстан болашағыүшін» қозғалысын басқардым. Қазақстанда 11 жыл болған жоқпын. Мәскеуде жұмысістедім.

Итүреді, керуен көшеді. Көп сөз, көп әңгіме айтылады. Айта берсін. Кімнің хақекенін уақыт көрсетеді.

Фотолар автордікі. Бас беттегі сурет Ирина Медникованың Facebook парақшасынан алынды. 

Тегтер: Без Тега
Қуаныш  Қаппас
Қуаныш Қаппас Қуаныш Қаппас

Оқыңыз