Саясат

Екібастұз әкімі отставкаға кетті

Екібастұз әкімі Ардақ Қаңтарбаев орынбасары парамен ұсталғаннан кейін отставкаға кетті.

Екібастұз әкімі отставкаға кетті

Павлодар облысының әкімі Қаңтарбаевтың отставкаға кетуін қабылдады, — деп хабарлайды Жас Алаш Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап. 

«Мемлекеттік қызмет туралы» заңға сәйкес Екібастұз әкімі қарамағындағы қызметкердің сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылығы үшін отставкаға кетті. Павлодар облысының әкімі Әбілқайыр Сқақов Қаңтарбаевтың отставкаға кетуін қабылдап, 8 тамызда Екібастұз қаласының әкімі қызметінен босатты", — деді Павлодар облысы әкімінің баспасөз қызметі өкілдері.

Ардақ Қаңтарбаевтың отставкаға кету туралы өтінішін қала әкімінің бұрынғы орынбасары Бауыржан Ахметовке қатысты үкім күшіне енгеннен кейін берген. 

Тегтер: Без Тега
Сайт Әкімшілігі
Сайт Әкімшілігі Сайт Әкімшілігі

Оқыңыз