Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
16:13, 14 Қазан 2024

Экономика саласындағы Нобель сыйлығының лауреаттары белгілі болды

а
Фото: nobelprize
Альфред Нобель атындағы Швеция орталық банкінің экономика саласындағы сыйлығының лауреаттары Дарон Аджемоғлу, Саймон Джонсон және Джеймс Робинсон болды.

"Швед король академиясы 2024 жылғы Альфред Нобель атындағы экономика саласындағы Sveriges Riksbank сыйлығын Дарон Аджемоғлу (Массачусетс технологиялық институты, Кембридж, АҚШ), Саймон Джонсон (Массачусетс технологиялық институты, Кембридж, АҚШ) және Джеймс А. Робинсонға (Чикаго университеті, Иллинойс, АҚШ) 'институттардың қалай құрылатынын және олар байлыққа қалай әсер ететінін зерттегені үшін' беруге шешім қабылдады. Олар елдер арасындағы байлық айырмашылықтарын түсінуге көмектесті", - делінген Нобель қорының сайтында.

Биылғы жылы экономика саласындағы лауреаттардың "елдің гүлденуі үшін әлеуметтік институттардың маңыздылығын көрсеткені" атап өтілді. "Заңның нашар үстемдігі мен халықты эксплуатациялайтын институттары бар қоғамдар өсу мен оң өзгерістерге ықпал етпейді. Лауреаттардың зерттеулері бізге неге олай екенін түсінуге көмектеседі" дейді қор өкілдері.

"Елдер арасындағы үлкен табыс айырмасын қысқарту - біздің заманымыздың ең ірі міндеттерінің бірі. Лауреаттар осы мақсатқа жету үшін әлеуметтік институттардың маңыздылығын көрсетті", - деді экономикалық ғылымдар сыйлығын беру комитетінің төрағасы Якоб Свенссон.

Сыйлықтың мөлшері 11 миллион швед кронасын құрайды, ол лауреаттар арасында теңдей бөлінеді.