Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
11:57, 10 Маусым 2024

Экс-генерал Күдебаевтың отбасынан Алматы облысындағы жер телімдері тәркіленді

Күдебаев
Фото: ашық дереккөз

Қаңтар оқиғасы бойынша сотталған экс-генерал Серік Күдебаевтың отбасынан Алматы облысындағы жер телімдері тәркіленді.

Nege.Aqsha арнасының мәліметінше, сот жер ресурстарын басқару басқармасының Алматы облысы полициясының сотталған бұрынғы бастығы Серік Күдебаевтың ұлы мен ағасына қарсы қойған талап-арызын қанағаттандырды. 

Темірлан Мырзақұлов пен Мұратбек Күдебаев, сондай-ақ олардың «Кенсай-Агро» серіктестігі 49 жылға жалға берілген жайылымдық жер учаскелері тәркіленді. Сот жер учаскелерін беру тәртібін бұзуға байланысты жалға беру шарттарын жарамсыз деп таныды, делінген хабарламада.

Қазір Серік Күдебаев билігін асыра пайдаланғаны және Қаңтар оқиғасы кезінде кезінде азаматтарды азаптау, сондай-ақ төтенше жағдай кезінде қызметтік орнын тастап кеткені үшін 10 жылға сотталып, колонияда жазасын өтеп жатыр. 

Тегтер: