Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
10:52, 18 Наурыз 2024

Экс-министр Ажар Ғиният жаңа қызметке тағайындалды

экс министр
Фото: из открытых источников

Қазақстанның бұрынғы денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният «Балаларды оңалту ұлттық орталығын» басқарады.

Тиісті бұйрыққа бір күн бұрын Денсаулық сақтау министрлігінің жаңа басшысы Ақмарал Әлназарова қол қойған. 

54 жастағы Ажар Гиният Денсаулық сақтау министрлігін 2022 жылдың қаңтарынан осы жылдың ақпан айына дейін басқарды. Ол бұған дейін Денсаулық сақтау министрінің орынбасары, Президент Әкімшілігі жанындағы медициналық орталық меңгерушісінің орынбасары болған.

Балаларды оңалту ұлттық орталығы 2007 жылы құрылды. Орталық психоневрологиялық патологиясы бар балалармен жұмыс істейді.

 

Фото: Балаларды оңалту ұлттық орталығы

Тегтер: