Қоғам

Экс-министрдің коттеджі Мәдениет үйіне айналды

Экс-министр Қуандық БИШИМБАЕВТЫҢ зәулім үйі Мәдениет үйіне айналмақ. Сотталып кеткен шенеуніктің коттеджі Ақмола облысы, Целиноград ауданына қарасты Қосшы елді мекенінде орналасқан.

Экс-министрдің коттеджі Мәдениет үйіне айналды
Бұл туралы аудандық әкімшілік хабарлады.Жергілікті биліктің ақпаратына сүйенсек Бишимбаевтың коттеджі 7-ші қыркүйек күні мәдениет бөліміне өткен. Жылдың соңына дейін Мәдениет үйі жұмысын бастап кетеді. Ол жерде он үйірме ашылып, 20 жұмыс орыны қамтылады.Ұлттық экономика министрлігінің бұрынғы басшысының үйі 500 шаршы метр. Үш жатын бөлмесі мен моншасы және ашық бассейні бар. Коттедж аңшылық үй ретінде салыныпты.2018 жылдың 14 наурызында Қуандық Уәлиханұлына қатысты сот үкімі шығып, 10 жылға сотталған болатын. Дүние-мүлкі тәркіленіп өмірбақи мемлекеттік қызметте басшылық орынға отыру құқығынан айрылды.Фото: informburo.kz 
Тегтер: Без Тега
Қуаныш  Қаппас
Қуаныш Қаппас Қуаныш Қаппас

Оқыңыз