спорт

Ел тарихында тұңғыш рет! Грек-рим күресінен қазақ балуаны чемпион атанды

Грек-рим күресінен қазақ балуаны Сұлтан Әсетұлы жастар арасындағы әлем чемпионатында алтын медаль жеңіп алды.

күрес

Турнир Тирана қаласында (Албания) өтті, деп жазады Қазақстан Республикасының Ұлттық Олимпиада комитеті.

67 келіге дейінгі салмақта финалда Әсетұлы түрік Мұстафа Йылдырымды жеңді. Жекпе-жек 2:1 есебімен Сұлтан Әсетұлының пайдасына шешілді.

Әсетұлы грек-рим күресінен жастар арасындағы әлем чемпионатында алтын медаль алған тұңғыш қазақстандық атанды.

Жангүл Есениязова
Жангүл Есениязова Жангүл Есениязова

Оқыңыз