Әлеумет

Елбасының бастамасымен құрылған Birgemiz қоры халықтың әлеуметтік әлсіз топтарына көмек көрсетеді

«Birgemiz» Қоғамдық қорының Қамқоршылар кеңесінің құрамы жарияланды.Елордада коронавируспен күресжағдайында халықтың мұқтаж тобына қолдаукөрсету мақсатында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен құрылған «Birgemiz»Қоғамдық қорының Қамқоршылар кеңесінің алғашқы отырысы өтті.

Елбасының бастамасымен құрылған Birgemiz қоры халықтың әлеуметтік әлсіз топтарына көмек көрсетеді

Жиын барысында Қордыңқамқоршылар кеңесінің құрамы жарияланып, оған белгілі қоғам және мемлекетқайраткерлері, азаматтық қоғам өкілдері мен жастар кірді.

Қор құрылтайшылары жиналысыныңшешімі бойынша Мемлекет басшысының ұсыныстары ескеріле отырып, Қамқоршыларкеңесінің құрамына: Қамқоршылар кеңесінің төрағасы — «Nur Otan» партиясыТөрағасының Бірінші орынбасары Бауыржан Байбек, Қамқоршылар кеңесі төрағасыныңорынбасары – Тұңғыш Президент Қорының атқарушы директоры Қанат Жұмабаев,Қамқоршылар кеңесінің хатшысы – журналист, «Бас редакторлар клубының»президенті Бибігүл Жексенбай, кеңес мүшелері – Парламент Сенатының депутаттарыНұртөре Жүсіп пен Ольга Перепечина, Парламент Мәжілісінің депутаттары НұрланӘбдіров пен Бақтықожа Ізмұхамбетов, «Волонтерлер лигасы» Қоғамдық қорыныңтөрайымы Айсұлу Ерниязова, «Ұлттық волонтерлар желісі» Заңды тұлғаларқауымдастығының төрайымы Вера Ким,  «Мирчерез духовность» қоғамдық бірлестігінің төрайымы Сауле Мухашова, «Ұлттық ғылымикардиохирургия орталығы» АҚ Басқармасының төрағасы Юрий Пя және «Altyn Kyran»Халықаралық қайырымдылық қорының президенті Исламбек Салжанов кірді.

Қордың жоғары басқару органы –Құрылтайшылардың жалпы жиналысының төрағасы Премьер-Министрдің орынбасары ЕралыТоғжанов болды.

Қордың құрылтайшылары –«Ардагерлер ұйымы» (Бақтықожа Ізмұхамбетов басқарады) және «Мир через духовность»қоғамдық бірлестіктері (Сауле Мухашова басқарады).

«Birgemiz» Қорының Басқарматөрағасы Руслан Сакеев қорға «Nur Otan» партиясының жан-жақты көмегі қажетекендігін атап көрсетті. Өйткені осынау қоғамдық бірлестіктің әрбір өңірдефилиалдары жұмыс істейді, қажетті материалдық-техникалық базаға ие және «JasOtan» жастар қанатының кең ауқымды волонтерлар желісі бар.

«Бірінші отырысты біз «NurOtan» партиясының қабырғасында өткізіп отырмыз, өйткені оның мүмкіндіктерінесүйенгіміз келеді. Елбасының қолдауымен қорға қаражат түсіп жатыр, ал халықтыңауқымды бөлігімен тиімді жұмыс жүргізу үшін бізге инфрақұрылым, зор ұйымдықтәжірибе және адамдар қажет. Бұл аталғандардың басым бөлігі бүгінде текпартияда ғана бар» — деп атап өтті Руслан Сакеев.

Бүгінде жаңадан құрылған қоғамдыққорға елдің ірі бизнес өкілдері 40 млн. доллардан астам қаражатты топтастырды.Бұл қаражат Қамқоршылар кеңесінің шешімімен халықтың әлеуметтік осал топтарынаатаулы көмек көрсетуге бағытталатын болады. Қазір көмек түрлері мен оныалушылар санаттарын анықтау бойынша жүмыс басталды.

Өз кезегінде Бауыржан БайбекҚамқоршылар кеңесі атынан Елбасы үндеуіне қолдау көрсеткен бизнесмендерге алғысайтып, қазақстандықтардың бірлесе  отырып,кез келген дағдарысты еңсеретініне сенімділігін білдірді.

«Елбасы, «Nur Otan» ЛидеріНұрсұлтан Назарбаевтың тапсырмасы бойынша біз өзіміздің барлық ұйымдық жәнемедиаресурстарымызды қордың тиімді жұмыс істеуі үшін ақысыз негізде ұсынамыз», — деді Бауыржан Байбек.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевжариялаған «Біз біргеміз!» жалпы республикалық акциясы аясында «Кедергісізкелешек», «Бақытты отбасы» және «Ардагерлерді ардақтайық» партиялық жобаларыжелісі бойынша халықтың әртүрлі топтарына әлеуметтік көмек көрсету қорқұрылғанға дейін басталып кеткенін атап өткен жөн.

Елбасының тапсырмасы бойынша «NurOtan» партиясы карантин жарияланған Нұр-Сұлтан және Алматы қалаларындағы жалғызбасты қарттарға, мүгедектерге және тұрмысы төмен көпбалалы отбасыларға атаулыкөмек көрсету үшін 150 млн. теңге бөлді. Коронавирус індетінің таралуына қарсыкүреске Елбасының шешімімен Тұңғыш Президент Қоры тағы да 200 млн. теңгебағыттады.

Бүгінде «Jas Otan» волонтерларымен партия белсенділері халықтың әлеуметтік осал санаттарын антисептика жәнегигиена құралдарымен, бірінші кезекте қажетті тауарлармен байланыссыз таратужолымен қамтамасыз етуде. Тек соңғы төрт күнде бүкіл ел көлемінде 7 мыңға жуықотбасыға 130 млн. теңге сомаға әлеуметтік көмек көрсетілді.

Тегтер: Без Тега
Қуаныш  Қаппас
Қуаныш Қаппас Қуаныш Қаппас

Оқыңыз