Әлеумет

Елді су алғанда үкімет көшпелі мотопомпасын таппай жатыр

Наурыздың 27- күнгі үкімет отырысында премьер-министр Бақытжан Сағынтаев ішкі істер министрлігінің жұмысын сынға алды.

Елді су алғанда үкімет көшпелі мотопомпасын таппай жатыр
Жиында Шығыс Қазақстан облысындағы орын алып жатқан су тасқынына байланысты жағдайды мәлімдеген осы өңірдің басшысы Даниал Ахметов төтенше жағдай департаментінің құрал-саймандары сай емес екенін ашынып айтты. — Биылғы жауған қар мөлшері аз болғанымен, жерге түскен тоң өткен жылмен салыстырғанда екі метр тереңдікке дейін жетті, - деді Шығыс Қазақстан облысының әкімі Даниал Ахметов. - Мұнымен қоса өзен бетінде қатқан мұздың қалыңдығы кей жерлерде 1 метрден асса, наурыз айының 1-і мен 25-і аралағында жауған жаңбыр қалыпты нормадан 3 есе артық болды. Бүгінгі күні облыста үйлерді су басу қаупі бойынша 481 факті тіркелді. Қазір 175 үйде әлі су бар. 628 үй мен 128 саяжайдың ауласына су кірді. Облыстың үш ауданында, Аягөз, Глубокое, Шемонайха аудандарында төтенше жағдай жарияланды. Төтенше жағдайлар департаментінің бірде-бір құрал-заттары жоқ. Қараңызшы… Көшпелі мотопомпа, норма бойынша 152 болуы керек, біздің облыста бар-жоғы екеу ғана бар екен. Ең керегі осы көшпелі мотопомпа ғой. Қайық 69 болуы керек, 14 ғана бар. «Вездеход» 55 болуы керек, біреуі де жоқ. Жай ғана көліктің саны 55 болуы керек, бары 9 ғана.  Қарапайым ғана гидрокомбинезон 1000 болуы керек, облыс бойынша 86 ғана дана бар екен. Жылдың басында ғана осы мәселе бойынша 300 млн теңге бөлгенбіз. Тағы да 200 млн теңге бөліп жатырмыз. Бірақ та осы мәселені бірлесіп шешуіміз керек сияқты.Жанат Сүлейменов, ішкі істер министрінің бірінші орынбасары: — Қазіргі уақытты Шығыс Қазақстан облысында 400-ден астам үй су астында қалып отыр. 326 үйден су сорып алынды. Ішкі істер министрінің орынбасары Ильин бастаған жедел топ осы облысқа жіберілді. Және қажетті құрал-жабдықтар қосымша жеткізілді. Сондай-ақ, 454 адам, 203 техника жұмылдырылған.- Даниал Ахметов көтерген мәселеге байланысты не айтасыз? – деп сұрады үкімет жетекшісі.–  Ол мәселеге байланысты демалыс күндері ұлттық «Ұлан» ұшағымен Алматы, Павлодар және Оңтүстік Қазақстан облыстарынан жеке құрамды техникасымен жеткіздік. Дұрыс. Жоқ болғаннан кейін басқа облыстардан алып отырсыздар ғой. Бірақ, Даниал Ахметов норма бойынша осындай көрсеткіш болуы керек дейді, оның орнында басқа цифрлар тұр… Осыған байланысты министрліктің тарапынан қандай іс-шаралар жасалып жатыр? Рұқсат болса… Ол туралы баяндамам жоқ,  деп күмілжіген Ж. Сүлейменов жартымды жауап бере алмады. Баяндамаңызға жазып берген жоқ қой… Сонда сіздер қалай басқарасыздар? Баяндамаға жазып бергенді оқып бересіз. Жазбаса, жағдайдың не болып жатқанын білмейсіздер. Соңынан келіп осындай жағдайға душар боламыз. Техника жоқ, комбинезон жоқ, мотопомпа жоқ. Қиын жағдай болса көрші облыстардан сұрап аламыз дейсіздер,  деп Бақытжан Сағынтаев төтенше жағдайдың қызметін сынап, бұл мәселені зерттеуді өзінің бірінші орынбасары Асқар Маминге тапсырды.Оралхан Дәуіт, Астана
Тегтер: Без Тега
Қуаныш  Қаппас
Қуаныш Қаппас Қуаныш Қаппас

Оқыңыз