спорт

Елена Рыбакина Лондондағы турнирдің 1/4 финалына шықты

Әйелдер теннисінен Қазақстан құрамасының көшбасшысы Елена Рыбакина Ұлыбританияның Лондон қаласында өтіп жатқан WTA 500 санатындағы турнирдің ширек финалына шықты.

Рыбакина

1/4 финал жолдамасы үшін өткен матчта қазақстандық теннисші Германия өкілі Татьяна Мариямен кездесті.

Алғашқы сет қарсыласының еншісінде қалды. Алайда кейінгі екі сетте Рыбакина басымдық танытып, жеңіске жетті.

Қорытынды есеп – 6:7 (5:7), 7:5, 6:0.Енді Қазақстан құрамасының өкілі жартылай финалға шығу үшін Ұлыбритания теннисшісі Кэти Бултермен кездеседі.

Сайт  Әкімшілігі
Сайт Әкімшілігі Сайт Әкімшілігі

Оқыңыз