Елена Рыбакина Ниньбодағы WTA 500 турнирінде топ жарды
Қазақстандық теннисші Елена Рыбакина Қытайдың Ниньбо қаласында өткен WTA 500 санатындағы турнирде жеңіске жетті.
Финалда отандасымыз әлемдік рейтингте 30-орында тұрған канадалық Лейла Фернандеспен кездесті.
Елена Рыбакина қарсыласын екі сетте де 6:2 есебімен жеңіп, турнирдің бас жүлдесіне қол жеткізді.
Осылайша, қазақстандық теннисші 2025 жылы Ниньбода жеңіп алған чемпиондық атағын қорғап, рейтингтік қоржынына тағы 500 ұпай қосты.
Редакция «Все СМИ» желісіне қатысады.