Әлеумет

Елікжиреннің ескерткішін Еркежирен де күтіп тұр

Шығыс өңірдің Тарбағатай ауданында қазақтың қазанатыналайықты, аты аңызға айналған «Елікжирен» атты тұлпарға ескерткіш қойылды.

Елікжиреннің ескерткішін Еркежирен де күтіп тұр

Көкжыра ауылының кіреберісінен көз тартатын жылқы тұрпатына қарап, ұлтымыздыңтарихында қалған небір жүйріктер көз алдыңнан тізбектеліп өтеді. Елікжирен декүні кешегі кеңестік дәуірде алдына қара салмаған есті жылқы болғаны ел ішінде жиіайтылады.

Сол Елікжиренге кезінде шабандозы болған, кейінненКөкжыраның өркендеуіне зор үлесін қосқан Амангелді НҰРБЕКОВТІҢ ұрпақтары арнайыескерткіш орнатты.

-Бұлескерткішті қою былтыр ғана дүниеден өткен әкеміздің басты армандарының біріболатын,-дейді Назым АМАНГЕЛДІҚЫЗЫ. –Құрылысы бұрынырақта басталған болатын.Біртіндеп аяқталып ел алдына ұсынудың орайы енді келді. Елікжиреннің қандайбәйгелерде топ жарғаны туралы мәліметтерді жинақтап, кітап шығару ойымызда бар.Әзірге білетініміз – Елікжирен үш рет ет комбинатына апарғанда, жалт беріпқашып шығып, жеткізбей өзі туып-өскен топыраққа жеткен екен. Қалай жантапсырғаны нақтылауды қажет етеді, Шар жақта өлген деседі. Сол Елікжиренгедеген  әке аманатын орындауды біздербасты мақсатымыз еттік, бүгінгі күні соны жүзеге асырудың сәті түсті.

Тарбағатай ауданының әкімі Серікқазы ҚҰСАЙЫНҰЛЫНЫҢайтуынша,  140 шақырымдық аламан бәйгеменқатар келген оқиға елдің рухын көтереді.

-Қазақтыңөткен тарихында тұяғымен дала төсін дүбірлеткен небір жүйріктер болды. Жылқығақойылған ескерткіштер де аз емес. Ал бүгінгі Көкжыра ауылындағы ескерткіштіңашылуы 140 шақырымдық аламан бәйгенің қатар өтуімен де тұспа-тұс келуіжақсылықтың белгісі деп ойлаймын.  Жылқымінездіжұртымыздың оған деген құрметін осылай білдіруі –заңдылық. Тағы бір айтар жайт,ел-жұрттың сұрауына орай батыр бабамыз Қабанбайдың Қубас атына ескерткішорнатуды қолға алып жатырмыз. Бұйырса, бірер айда ол игі істің де нүктесіқойылады,-дейді аудан басшысы Серікқазы  СӘДУАҚАСОВ.

Тұяғымен дала төсін дүбірлетіп Ақсуат өңірінің атыншығарған қылқұйрықты жылқы ескерткішінде Елікжиреннің 1946-1968 жылдары ғұмыркешкені көрсетілген. Елікжиреннің ескерткішіне қарап тұрып осы өңірдің атыншығарған екінші жүйрік – Еркежирен есімізге түсті. Әйгілі ән жүйрігі, сазгерТұрсынғазы  РАХИМОВТЫҢ ақын Мерғали ИБРАЕВТЫҢсөзіне  жазылған сол әннің құдіретінеқұлақ түрсеңіз жан тебіренеді:

-Қаршадай тізгін берген жас балаға,

Қазақта бәйге десе, ес қала ма?

Ақсақал тәуекел деп күбірлейді,

Бұл тойға бір жүйрікті қосқан ол да.

Еркежирен, Еркежирен, Еркежирен...- деп төгіле шырқалатынән енді сол атқа орнатылған ескерткіш ашыларда естіліп тұрса, елдің рухы тіптенөрлеп тұратыны анық.

Фотоавтордікі.

Тегтер: Без Тега
Қуаныш  Қаппас
Қуаныш Қаппас Қуаныш Қаппас

Оқыңыз