Елімізде 1600-ден астам азамат қоғамдық орында бетін тұмшалап алғаны үшін жауапкершілікке тартылды
Ішкі істер министрлігі қоғамдық орындарда адамның түр-сипатын тануға кедергі келтіретін киімдерді киюге тыйым салынғанын еске салды.
Бұл талап «Құқық бұзушылық профилактикасы туралы» заңда көзделген.
Тыйым ауа райы жағдайларына және медициналық ұсынымдарға қатысты қолданылмайды. Сондай-ақ қызметтік міндеттерді атқару, спорттық және мәдени іс-шараларға қатысу кезінде де тыйым салынбайды.
ӘҚБтК-нің 434-3-бабына сәйкес, алғаш рет құқық бұзғандарға ескерту жасалады. Бір жыл ішінде қайталанса, 10 АЕК көлемінде айыппұл салынады. Қазіргі уақытта аталған құқық бұзушылық үшін 1613 азамат әкімшілік жауапкершілікке тартылған.
ІІМ бұл талап қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге бағытталғанын атап өтті.