Елімізде 507 адам педофилия бойынша сотталған
Қазақстанда кәмелетке толмағандарға қарсы жыныстық қылмыс жасағаны үшін сотталғандардың саны 507 адамға жеткен.
Бұл дерек Бас прокуратура ұсынған ресми мәліметке негізделген. Арнайы интерактивті картада мұндай қылмыс үшін сотталып, жазасын өтеген азаматтар туралы ақпарат көрсетілген.
Өңірлер бойынша ең жоғары көрсеткіш Алматы облысына тиесілі – 54 адам. Одан кейін Түркістан облысында – 42, ал Шымкент қаласында 23 адам тіркелген.
Айта кетейік, бұл мәліметтер ашық деректер базасына енгізіліп, қоғамға қолжетімді форматта ұсынылған.