Қоғам

Елордада бес сағатта 79 жол-көлік оқиғасы тіркелді

Астана қаласының полиция департаментінің мәліметінше, көктайғақтың кесірінен 5 сағаттың ішінде 79 жол-көлік оқиғасы тіркелген, деп хабарлады Zhasalash.kz.

көктайғақ

«Ауа райы мен жауын-шашынға байланысты жүргізушілерден аса сақ болуды, белгіленген жылдамдықты қатаң сақтауды, күрт тежемеуді, қашықтықты сақтауды сұраймыз. Ерекше сақтық шараларын жүргізушілер ғана емес, жаяу жүргіншілер де сақтауы керек. Өз қауіпсіздігіңіз үшін көшелерді арнайы белгіленген жерлерден кесіп өту керек.

Жол қозғалысы ережелеріне немқұрайлы қарау, атап айтқанда, жылдамдықты сақтамау оқыс оқиғаға әкелуі мүмкін», – делінген хабарламада.

Т. РАУШАНҰЛЫ
Т. РАУШАНҰЛЫ Т. РАУШАНҰЛЫ

Оқыңыз