Әлеумет

Еңбек министрінің еңбекақысы бір миллионға жуық екен

tengrinews.kzcайты еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Біржан НҰРЫМБЕТОВТЫҢ қаншаайлық алатынын хабарлады.

Еңбек министрінің еңбекақысы бір миллионға жуық екен

Былтырғы жылдан бері елімізде көпбалалы аналардыңмитингі жиілеп кетті. Жәрдемақы сұрап дәл осы Нұрымбетов басқаратынминистрлікке талаптарын қойып келетіндер аз емес. 2019 жылдың ақпан айынан беріхалықты әлеуметтік тұрғыда қорғауы тиіс министрліктің басшысы үш рет ауысты.  Министрден журналисттер қанша айлық алатынынсұраған екен. Шенеунік жасырмаған. «Айсайын 900 мың теңге аламын», — деп жауап берген министр Біржан Нұрымбетов.

Біржан БИДАЙБЕКҰЛЫ 2019 жылдың 20 тамызындаБердібек САПАРБАЕВТЫ алмастырып министр болған еді. Ол 1993 жылдан бері мемлекеттікқызметте еңбек етіп келеді. Бұған дейін аталған ведомства басшысыныңорынбасары, премьер-министр канцеляриясы басшысының орынбасары, Жамбыл облысыәкімінің апарат жетекшісі сынды қызметтер де болған. «Құрмет» орденінің иегері.

Фото: kursiv.kz

Тегтер: Без Тега
Қуаныш  Қаппас
Қуаныш Қаппас Қуаныш Қаппас

Оқыңыз