Әлеумет

Енді балалардың жазғы лагерьлері ескертусіз тексеріледі

Денсаулық сақтау министрлігі балалар лагерьлерінде санитариялық-эпидемиологиялық жағдайға бақылауды күшейтетінін мәлімдеді.

Жазғы лагерь

Аталмыш шара балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған. Негізгі талаптарға аумақтың қоршалуы, сумен жабдықтау, кәріз жүйесі, жарықтандыру және желдету кіреді.

Лагерьлерде санитариялық талаптардың сақталуы, тамақтану сапасы мен медициналық қызмет көрсету деңгейі жіті тексеріледі. Барлық үй-жай таза болуы тиіс, рұқсат етілген дезинфекциялық құралдарды қолдана отырып, күнделікті тазалық жұмыстары жүргізілуі қажет. Шомылатын орындарда су мен топырақтан сынамалар алынып, гигиеналық нормативтерге сәйкестігі зертханалық тексеруден өткізіледі. Маусым бойы су айдындары мен бассейндердегі судың жай-күйіне тұрақты мониторинг жүргізіледі.

«2026 жылдың екінші жартыжылдығында Министрлік мемлекеттік бюджеттің есебінен қаржыландырылатын балаларға арналған барлық сауықтыру ұйымдарын мемлекеттік бақылаудың ерекше тәртібі шеңберінде тексереді. Алғаш рет бекітілген тізімдер бойынша жоспарлы тексерулер тетігі енгізіледі, бұл тізімдер 10 мамырға дейін Комитеттің аумақтық бөлімшелерінің интернет-ресурстарында жарияланады», – делінген хабарламада.

Министрліктің мәліметінше, тексерулер алдын ала ескертусіз жүргізіледі.

Барлық заң бұзушылық фактілері бойынша азаматтар санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің аумақтық бөлімшелеріне жүгіне алады.

Жергілікті атқарушы органдардың мәліметі бойынша, биыл 199 лагерь, оның ішінде 20-сы – жыл бойы, 179-ы – маусымдық жұмыс істейді.

Сайт  Әкімшілігі
Сайт Әкімшілігі Сайт Әкімшілігі

Оқыңыз