Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
14:55, 20 Тамыз 2024

Енді рөлі оң жақтағы көліктер такси қызметін атқара алмайды

к
Фото: pixabay

Қазақстанда енді рулі оң жақтағы көліктер такси мекемелеріне тіркелмейді. Бұл туралы Көлік министрі Марат Қарабаев мәлімдеді.

Министрдің сөзінше, қазір мұндай келісім InDriver компаниясымен жасалған. Онда агрегатордың оң рульді көліктерді тіркеуден бас тартуы қарастырылған.

Заң бойынша рулі оң жақтағы көліктермен такси қызметіне тыйым салынады, сондықтан InDriver де, "Яндекс" те оларды тіркемейді, "Яндекс" пен InDriver 1 қаңтарға дейін инвентаризация жүргізеді, рулі оң жақтағы көліктерді анықтайды және шектейді. Рөлін оң жақтан сол жаққа ауыстырып алғандар бар. Олар азаматтардың денсаулығына және қозғалысқа қауіп төндіреді. Интернет-провайдерлер аудит жүргізеді және 1 қаңтардан бастап мұндай көліктер анықталып, оларға шектеу қойылады, - деді Қарабаев. 

Сондай-ақ министр ІІМ жол қозғалысы ережесін жиі бұзатын жүргізушілердің тізімі берілетінін, олар да агрегаторлық жүйеден шығарылатынын айтты. Аталған шектеу азаматтардың өзіне және көліктеріне де қатысты болмақ.