Қоғам

Енді пациенттердің медициналық деректері заңмен қорғалады

Құрылтай депутаттары денсаулық сақтау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы заң жобасын бірінші оқылымда мақұлдады.

дәрігер

Құжат осы саладағы заңнаманы жетілдіруге, медициналық көмектің сапасы мен қолжетімділігін арттыруға, медициналық көрсетілетін қызметтерді дамытуға және денсаулық сақтау жүйесіне цифрлық технологияларды енгізуге бағытталған.
Онда медициналық қызметке ақпараттық жүйелер мен электрондық сервистерді енгізу, денсаулық сақтау саласындағы цифрлық реттеуді жетілдіру көзделген.

Атап айтқанда, Қазақстанда жүргізілетін биомедициналық зерттеулер туралы мәліметтер жинақталатын ақпараттық ресурс құру ұсынылады. Сонымен қатар трансляциялық зерттеулер мен трансляциялық медицина ұғымдары заң жүзінде айқындалады.

Өзге өзгерістер дербес медициналық деректерді қорғау тетіктерін күшейтуге және трансплантация рәсімдерінің ашықтығын қамтамасыз етуге бағытталған. Осы мақсатта ағзаларды, олардың бөліктерін және тіндерді трансплантациялау тәртібі нақтыланады.

Заң жобасында жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған медициналық ұйымдарда тәрбиеленетін балалардың болу мерзімдері де белгіленеді. Ата-анасының қамқорлығынсыз қалған және АИТВ инфекциясын жұқтырған балалар бұл ұйымдарда туғаннан үш жасқа дейін, ал психикалық және физикалық дамуында бұзылыстары бар балалар төрт жасқа дейін бола алады.

Редакция «Все СМИ» желісіне қатысады.
Сайт Әкімшілігі
Сайт Әкімшілігі Сайт Әкімшілігі

Оқыңыз