Әлеумет

Енді қазақстандықтар жедел жәрдемнің қайда келе жатқанын бақылай алады

Қазақстандықтар жедел жәрдем көлігінің қозғалысын нақты уақыт режимінде бақылай алады.

Жедел жәрдем

Жедел жәрдемді басқарудың автоматтандырылған жүйесі шақыртуға жіберілген бригада туралы ақпаратты науқастың туыстарына немесе жедел жәрдем шақырған адамға көрсететін болады.

Жаңа талап жедел медициналық көмек көрсету қағидаларына енгізілген өзгерістерде қарастырылған. Құжатта медициналық авиацияны тарта отырып көрсетілетін жедел медициналық көмек тәртібі де қамтылған.

Жаңа жүйе 2026 жылғы 13 қазаннан бастап іске қосылады.

Сайт  Әкімшілігі
Сайт Әкімшілігі Сайт Әкімшілігі

Оқыңыз