Қоғам

Енді шетелде жұмыс істегісі келгендерді елімізде алдын ала дайындайды

Елімізде нәпақасын шекараның арғы бетінен іздеп көргісі келетіндер аз емес. Алайда кейде олардың білместікпен жасаған әрекеттері екі елдің арасында түсінбестік туғызып жатады.

Енді шетелде жұмыс істегісі келгендерді  елімізде алдын ала дайындайды

Осы орайда өткен аптада Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі көші-қон комитеті төрағасының міндетін атқарушы Ілияс Испанов алдағы уақытта Оңтүстік Кореяға жұмыс істеуге баратын қазақстандықтардың алдын ала дайындықтан өтетінін мәлімдеді.

Бұл жаңалық еліміздегі талай жанды қуантып отыр. Өйткені еңбек еткісі келгендерге кейде ол елдің тәртібі мен кейбір заңдылықтары түсініксіз болып жатады. Сол бір түсініксіздік кейде құқық бұзуға ретінде танытып та жатады.

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі көші-қон комитеті төрағасының міндетін атқарушы Ілияс Испанов орталық коммуникациялар қызметі алаңында өткен баспасөз мәслихатында «Оңтүстік Кореяға еңбек етуге баратын қазақстандықтарды алдын ала дайындаймыз. Біріншіден, тіл мәселесі. Одан әрі ол елдің заңдылықтары мен тәртібі және өзін-өзі ұстау, жүру-тұру жағын үйретеміз. Осылайша, отандастарымыз Оңтүстік Кореяда еңбек етіп немесе біліктілігін көтере алады» деп мәлімдеді. Сондықтан алдағы уақытта бұл шаралар шекараның арғы бетінде заңсыз жұмыс істейтін немесе қандай да бір келеңсіздіктерге ұрынатын отандастарымызды болдырмайды деген сенімдеміз.

Тегтер: Без Тега
Еркенұр Қонысбай
Еркенұр Қонысбай Еркенұр Қонысбай

Оқыңыз