Саясат

Ердоған БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесіндегі вето құқығын жоюды ұсынды

Түркия президенті Режеп Тайип Ердоған БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесін түбегейлі реформалап, тұрақты мүшелердің вето құқығын жоюды ұсынды.

Ердоған

 Бұл туралы ол 22 қыркүйекте Bloomberg басылымында жарияланған  матариалда айылды.

Ердоғанның пікірінше, қазіргі БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің құрылымы Екінші дүниежүзілік соғыстан кейін қалыптасқан тәртіпті әлі де сақтап отыр және бүгінгі халықаралық жағдайды толық көрсете алмайды.

Түркия басшысы пандемия, энергетикалық дағдарыстар, жеткізу тізбектерінің бұзылуы мен аймақтық қақтығыстар жаһандық проблемаларды бірнеше мемлекеттің шешіміне тәуелді етудің тиімсіз екенін көрсетті деп есептейді. 

«Әлем бестен үлкен» деген бұрыннан айтып жүрген ұстанымын қайталаған Ердоған халықаралық шешім қабылдау жүйесінде әртүрлі аймақтардың өкілдігі артуы керек екенін жазды.

Қазір БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің бес тұрақты мүшесі – АҚШ, Ресей, Қытай, Ұлыбритания және Франция – вето құқығына ие. Ердоғанның ұсынысы бойынша, реформаның мақсаты тек Кеңестегі мемлекеттер санын көбейту болмауы тиіс. Ол вето артықшылығын жоюды, сайланбалы мүшелердің шешім қабылдаудағы ықпалын арттыруды және БҰҰ Бас Ассамблеясының рөлін күшейтуді қолдайды. 

Түркия президентінің пікірінше, мұндай өзгерістер халықаралық жүйенің өкілдік сипаты мен заңдылығын күшейтуі мүмкін. Анкара осы бағыттағы реформаны қолдау үшін басқа мемлекеттермен дипломатиялық жұмыс жүргізуге ниетті екенін де мәлімдеді. 

Ресей вето құқығын сақтауды қолдайды

Ердоғанның ұсынысына Кремль де пікір білдірді. Ресей президентінің баспасөз хатшысы Дмитрий Песков Мәскеу Қауіпсіздік Кеңесін реформалау және оның тұрақты мүшелерінің санын көбейту идеясын қолдайтынын, алайда вето құқығы сақталуы керек деп есептейтінін айтты.

Тегтер: Ердоған
Сайт  Әкімшілігі
Сайт Әкімшілігі Сайт Әкімшілігі

Оқыңыз