Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
09:48, 15 Мамыр 2024

Ердоғанға елде төңкеріс болатыны туралы ескерту айтылды

в
Фото: из открытых источников

Түркия президенті Режеп Тайып Ердоған барлау және әділет органдарының басшыларымен шұғыл жиын өткізді. Оған елде мемлекеттік төңкеріс болатыны туралы ескерту айтылған.

Türkiye газетінің хабарлауынша, төңкеріс туралы Түрік ұлтшыл партиясының жетекшісі Девлет Бахчели ескерткен.

«Кездесу түрік басшысы алған ықтимал төңкеріске қатысты ескертулер туралы болады», - делінген хабарламада.

Түркияда белгілі бір қылмыстық ұйыммен байланысы бар деген айыппен полицейлер жаппай жұмыстан шығарыла бастады. Бахчели төңкеріс болған жағдайда, тек аздаған тәртіп сақшыларын жұмыстан шығару арқылы басқару мүмкін емес екенін айтқан.

Бүгін, 15 мамырда Түркия басшысы кеңейтілген отырыста сөз сөйлейді деп жоспарланған.

Айта кетейік, 2016 жылдың шілдесінде Түркияда төңкеріс әрекеті болды. Одан кейін 248 адам қаза тауып, 2,7 мыңнан астамы жарақат алды. Осыдан кейін елде 50 мыңға жуық адам қамауға алынды.

2018 жылы Ердоған елдегі төңкеріс дәуірінің аяқталғанын жариялады. Ол түрік ұлтының тыныштығын бұзуға тырысқандар елдің әскерімен, полициясымен және қауіпсіздікті күзететіндермен күресуге мәжбүр болатынын айтты. 

Фото: instagram.com/rterdogan

Тегтер: