Қоғам

Ерсайын Нағаспаев ҚТЖ басқарма төрағасы болып тағайындалды

"Самұрық-Қазына" АҚ басқармасының шешімімен Ерсайын Қайырғазиевич Нағаспаев "Қазақстан темір жолы" ұлттық компаниясы" АҚ басқарма төрағасы қызметіне тағайындалды.

Ерсайын Нағаспаев

Еске салайық, Нағаспаев әр жылдары Сыртқы істер министрлігінде, Қазақстанның Ресейдегі елшілігінде, Ақтау теңіз сауда портында және Көлік және коммуникация министрлігінде қызмет атқарған.

2011-2013 жылдары Қарағанды облысындағы Шахтинск қаласының әкімі, 2013-2014 жылдары Астана қаласы әкімінің орынбасары болған. Кейін "Астана" әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясын басқарған.
2021 жылдан бастап "Қазақстан темір жолы" ұлттық компаниясында басшылық қызметтер атқарған.

2025 жылғы 28 ақпанда президент жарлығымен Өнеркәсіп және құрылыс министрі болып тағайындалды. 2026 жылғы 3 қыркүйекте бұл қызметке қайта тағайындалған.

Редакция «Все СМИ» желісіне қатысады.
Сайт Әкімшілігі
Сайт Әкімшілігі Сайт Әкімшілігі

Оқыңыз