Қазақстанның Өнеркәсіп және құрылыс министрі Ерсайын Нағаспаев қызметінен босатылды
Тиісті жарлыққа Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев қол қойды.
Еске салайық, Нағаспаев әр жылдары Сыртқы істер министрлігінде, Қазақстанның Ресейдегі елшілігінде, Ақтау теңіз сауда портында және Көлік және коммуникация министрлігінде қызмет атқарған.
2011-2013 жылдары Қарағанды облысындағы Шахтинск қаласының әкімі, 2013-2014 жылдары Астана қаласы әкімінің орынбасары болған. Кейін "Астана" әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясын басқарған.
2021 жылдан бастап "Қазақстан темір жолы" ұлттық компаниясында басшылық қызметтер атқарған.
2025 жылғы 28 ақпанда президент жарлығымен Өнеркәсіп және құрылыс министрі болып тағайындалды. 2026 жылғы 3 қыркүйекте бұл қызметке қайта тағайындалған.