Ешқандай саяси астар жоқ - Назарбаев Қордайдағы қақтығыс туралы айтты
Қордайда болған қақтығыстың ешқандай саяси астары жоқ. Бұл туралы Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан халқы Ассамблеясының отырысында айтты.
«Бәрімізге сабақ болған Жамбыл облысы Қордай ауданындағы қайғылы оқиғаны еске алайық. Бізге Ассамблеяда адамдармен қазақ және орыс тілдерінде сөйлесе алатын, мемлекеттік саясатты түсіндіре алатын адамдар керек, ал жергілікті кеңестер мен қоғамдық келісім кеңестері мықты жұмыс істеуі керек, жергілікті жерлердегі проблеманы білуі керек», — деді Елбасы.
Елбасы жергілікті кеңестер мен әкімдіктердің бірлескен жұмысы түрлі этностық топтардан анағұрлым тиімді болуы керегін еске салды.