Қоғам

Есқараев әділет министрі қызметінде қалды

Мемлекет басшысының жарлығымен Азамат Несіпбайұлы Есқараев Қазақстан Республикасының әділет министрі лауазымына тағайындалды.

Есқараев

"Мемлекет басшысының жарлығымен Азамат Несіпбайұлы Есқараев Қазақстан Республикасының әділет министрі лауазымына тағайындалды", - деп жазылған хабарламада. 

Есқараев Азамат Несіпбайұлы 1979 жылы 7 қазанда Алматы қаласында дүниеге келген.

Қазақ мемлекеттік заң академиясын бітірген.

Еңбек жолын 1996 жылы Алматы қаласындағы ДЭЗ-2 жұмысшысы болып бастаған.

2000-2002 жж. – Қазақстан Республикасы әділет министрлігі заңнама департаментінің бас маманы қызметін атқарған. 

2002-2003 жж. – Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі заңнама департаментінде бөлім басшысы; басқарма басшысы болған.

2003-2005 жж. – әділет министрлігі заңға тәуелді актілер департаменті бөлімінің басшысы лауазымын атқарған.

2005-2006 жж. – Алматы қаласы әкімдігінің бас инспекторы, 2006-2007 жж. – "Қазына" орнықты даму қоры" АҚ заң қызметтері департаментінің бас менеджері қызметтерін атқарған.

2007 жж. – Қазақстан Республикасы әділет министрлігінің құқықтық мәселелері жөніндегі консультанты, ішкі әкімшілік департаментінің жетекші маманы болған.

Сайт  Әкімшілігі
Сайт Әкімшілігі Сайт Әкімшілігі

Оқыңыз