Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
15:55, 22 Қазан 2024

Еуроодақ елдері қаңтар айында Ресейге қарсы жаңа санкция салуды талқылайды

ы
Фото: Johanna Geron / Reuters
ЕуроОдақ мемлекеттері 2025 жылдың қаңтарында Ресейге қарсы жаңа санкцияларды талқылауды жоспарлап отыр. Алайда бұл  Венгрияның Еуроодақ Кеңесіндегі төрағалығы аяқталғаннан кейін болмақ.

Politico мәліметінше, Венгрия премьер-министрі Виктор Орбан өз елінің төрағалығын пайдаланып, санкциялар бойынша келіссөздерді тоқтатқан.

Ал, 1 қаңтардан бастап Еуроодақ Кеңесінің төрағасы Польша болады. Варшава Ресейдің отын жеткізілімдеріне бақылауды күшейтуді жоспарлап отыр, бұл Кремльдің негізгі табыс көздерінің бірі.

Еуроодақ Ресейдің мұнай жеткізілімдеріне шектеулер енгізіп, құбыр газын сатып алуды едәуір азайтты. Дегенмен, Politico-ның атап өтуінше, Мәскеу көптеген лазейкаларды және өсіп келе жатқан «көлеңкелі флотты» пайдаланып отыр.

Польша өзінің төрағалығын пайдаланып, Еуроодаққа қанша Ресей отыны кіретіндігі туралы ақпараттың ашықтығын арттыруды жоспарлап отыр.