Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
17:18, 06 Желтоқсан 2024

Еуроодақ Грузиямен визасыз режимді жоюы мүмкін

Грузиядағы наразылық
Фото: АР

Нидерланды үкіметі Еуроодақ басшылығына Грузиямен визасыз режимді жоюды ұсынды.

 Бұл ел үкіметі еуроинтеграциядан бас тартқаннан кейін басталған наразылық акциясына қатысушыларды күшпен таратумен байланысты, деп мәлімдеді Нидерландтың сыртқы істер министрі Каспар Велдкамп.

«Грузияда наразылық білдірушілер мен журналистерге зорлық-зомбылық көрсету, сондай-ақ саясаткерлерді қамауға алу жол берілмейді. Сондықтан Нидерланды ЕО-ны Грузиямен визасыз режимді тоқтатуға шақырады», - деп жазды Велдкамп X әлеуметтік желісіне.

Ол сондай-ақ Литва, Латвия және Эстонияның «Грузин арманы» партиясының негізін қалаушы мен республиканың жоғары лауазымды тұлғаларына салған санкцияларын құптады.

 5 желтоқсанда Украина президенті Владимир Зеленский Грузияның қазіргі үкіметінің кейбір өкілдеріне қарсы санкциялар енгізілгенін мәлімдеді. Қол қойылған қарарда 19 саясаткердің есімі аталды — Киев оларды Тбилисидегі наразылық білдірушілерді күшпен таратуға қатысы бар деп санайды.

АҚШ Мемлекеттік департамент басшысы Энтони Блинкен АҚШ Грузия үкіметіне қарсы санкциялар енгізуге дайын екенін мәлімдеді.

 «Грузиядағы демократиялық процестерге немесе институттарға нұқсан келтіргендер, соның ішінде Грузия азаматтарының бейбіт наразылықтар мен сөз бостандығын тұншықтыратындар жауапқа тартылады», - деді Блинкен.

Ол биліктегі «Грузин арманы» партиясын қуғын-сүргін, тұтқындаулар мен азаматтарға қарсы зорлық-зомбылықты тоқтатуға, сондай-ақ митингіде тұтқындалғандарды босатуға шақырды.

Тегтер: