Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
15:16, 22 Мамыр 2024

Еуропа мемлекеттері Палестинаның тәуелсіздігін мойындап жатыр

d
Фото: из открытых источников

Норвегия Палестинаны тәуелсіз мемлекет ретінде мойындады. Бұл туралы жергілікті NRK басылымы жазды, деп хабарлайды Zhasalash.kz сайты.

Норвегия премьер-министрі Йонас Гаар Стерен бұл шешім 28 мамырда күшіне енетінін  мәлімдеді.

Ирландия мен Испания да осындай шешім қабылдады. Бұған жауап ретінде Израиль Сыртқы істер министрі Исраэл Кац Ирландия мен Норвегиядағы елшілерді кеңесу үшін дереу шақыртып алған.

Қазіргі уақытта Еуропа мемлекеттері арасында Палестинаның тәуелсіздігін Болгария, Венгрия, Кипр, Мальта, Польша, Румыния, Словакия, Чехия және Швеция мойындады. Жалпы, БҰҰ-ның 193 елінің 143-і Палестинаны тәуелсіз мемлекет ретінде таниды.

2012 жылдан бері Палестина БҰҰ-да бақылаушы мемлекет мәртебесіне ие болды. 10 мамырда ұйымның Бас ассамблеясы Палестинаның құқықтарын кеңейтіп, оны мүшелікке қабылдауға дауыс берді.

Бұған дейін АҚШ президенті Джо Байден Палестина мемлекетін құруды жақтаған болатын.

«Екі мемлекет Израиль мен Палестина халқы үшін ұзақ мерзімді қауіпсіздікті қамтамасыз етудің жалғыз жолы екені анық», - деді ол.

Фото: Mohammed Zaatari / AP

Тегтер: