Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
16:17, 13 Маусым 2024

EXPO ғимараттары өзін ақтап жатқан жоқ - Смайылов

EXPO
Фото: Pixabay

Жоғары аудиторлық палата төрағасы Әлихан Смайылов EXPO ғимараттарына қатысты тексеріс жүруі мүмкін екенін айтты, деп хабарлайды Zhasalash.kz сайты.

Әлихан Смайыловқа журналистер "салынған EXPO ғимараттарын күтіп ұстау мен басқа да шығындарын ескерсек, ол өзін ақтап жатыр ма?”, – деген сауал қойды. 

Бұған жоғары аудиторлық палата төрағасы жауап беріп, алдағы уақытта бұл бағытта тексеріс болатынын айтты.

“Қазір олардың табыстары ұлғайды. Бірақ толығымен өзін ақтап жатыр деп айта алмаймын”, – деді Әлихан Смайылов.

Айта кетейік, Астанадағы EXPO кешенінде 2017 жылы ұйымдастырылған көрмеге шамамен 400 миллиардтан астам ақша жұмсалған болатын. Ал, өткен жылы Президент Тоқаев EXPO аумағының қаңырап бос жатқанын айтқан. 

Бізде ЭКСПО аумағы бар. Бір қарағанда, өте әдемі жер. Бірақ қаңырап бос жатыр. Шын мәнінде, оған жан бітіріп, жұрт жаппай демалатын орынға айналдыруға болады. Қоғамдық кеңістікті дамытудың бірыңғай тұжырымдамасын қабылдаған жөн. Нысандарды жобалау және салу кезінде осы тұжырымдамаға сүйену қажеттігі заңды түрде бекітілуге тиіс, - деді президент.

Тегтер: