Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
16:05, 11 Қыркүйек 2024

Эйнштейннің Гитлердің ядролық бомба жасағысы келетінін ескерткен хаты аукционда сатылды

f
Фото: Christie's.

Эйнштейннің нацистік Германияның ядролық бағдарламасы туралы хаты 4 миллион долларға сатылды. Бұл туралы Christie's аукцион үйінің сайтында хабарланды.

Аукцион 10 қыркүйекте өтті. Сатып алушының аты-жөні белгісіз.

Альберт Эйнштейн бұл хатты Франклин Рузвельтке 1939 жылы 2 тамызда — Екінші дүниежүзілік соғыс басталғанға дейін бір ай бұрын жазған. Онда физик АҚШ-тың 32-ші президентіне Адольф Гитлердің ядролық бомба жасағысы келетінін ескерткен.

Christie's Альберт Эйнштейн өзінің шәкірті әрі көмекшісі Лео Сзилардқа неміс тілінде хат жазғанын, кейін ол хатты ағылшын тіліне аударғанын жазады.

Аукцион үйі құжатты 20-ғасырдағы «ең ықпалды хаттардың бірі» деп атайды.