Фельдшер Ұлдана Мырзуанның өлімі: Прокурор МИБ төрайымына 2 жыл бас бостандығынан ауйыру жазасын сұрады
Прокурор фельдшер Ұлдана Мырзуанның қаза болуына қатысты іс бойынша МИБ төрайымы Сәуле Жұбаниязоваға 2 жыл бас бостандығынан айыру жазасын тағайындауды сұрады.
Айыптау нұсқасына сәйкес, ғимараттың қасбетіне қатысты ақаулар алдын ала белгілі болған. Прокурордың айтуынша, тиісті шаралар қабылданғанда қасбеттің опырылып құлауына жол бермеуге болатын еді.
Оқиға салдарынан Гүлнар Калиева бас-ми жарақатын алып, бірнеше жерінен сүйегі сынған. Ол Сәуле Жұбаниязовадан 10 миллион теңге моральдық өтемақы, 53 мың теңге материалдық шығын және адвокат қызметіне жұмсаған 500 мың теңгені өндіруді талап етті.
Ал Айнұр Нұрпейісова оң құлағының есту қабілетін толық жоғалтқан. Ол моральдық зиян үшін 35 миллион теңге, материалдық шығын ретінде 322 554 теңге талап етіп отыр. Сонымен қатар, есту аппаратын әр екі жыл сайын ауыстыруға қажет 960 мың теңгені өтеуді сұраған.
Сәуле Жұбаниязова өзіне тағылған айыпты мойындамайды.