Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
15:42, 07 Маусым 2024

FIDH Медведев пен ресейлік пропаганда өкілдерін қамауға алуға ордер сұрады

Медведев
Фото: Екатерина Штукина

Халықаралық адам құқықтары федерациясы (FIDH) Гаагадағы Халықаралық қылмыстық соттан Ресей Қауіпсіздік кеңесінің төрағасы Дмитрий Медведев пен ресейлік пропаганда өкілдерін қамауға алуға ордер беруді талап етті.

Атап айтқанда, құқық қорғаушылар үгітші Владимир Соловьевті, RT телеарнасының бас редакторы Маргарита Симонянды, «Россия сегодня» медиа тобының жетекшісі Дмитрий Киселевті және тележүргізуші Сергей Марданды жауапқа тартуды ұсынып отыр, деп жазады TRT.

Сондай-ақ олар украиналықтарға жеккөрініш сезімін тудырғаны үшін Ресей теледидарындағы мемлекеттік үгіт-насихатқа жетекшілік ететін Ресей президенті әкімшілігі басшысының бірінші орынбасары Алексей Громовты айыптады.

FIDH атап өткендей, үгіт-насихатшылар украиналық бейбіт тұрғындарға өшпенділік тудыру арқылы Ресейдің әскери қылмыстарына үлес қосады.

«Мұндай адам құқықтарының өрескел бұзылулары ресейлік үгіт-насихатшылардың адамгершілікке қарсы науқанының нәтижесі. Олар украиналық бейбіт тұрғындарды өлтіргендермен бірдей жазықты», - деді FIDH вице-президенті Александра Матвейчук.

Тегтер: