Саясат

Философ әкім өз орнында

Президенттік сайлаудаөздері басқарған облыс пен қала халқы «Нұр Отанның» кандидатына аз дауыс бергенБақыт СҰЛТАНОВ пен Ералы ТОҒЖАНОВТЫҢ қатарына Қырымбек ЕЛЕУҰЛЫН қоса алмайсың.

Философ әкім өз орнында

Сырелінің 81,6% халқы сайлауға қатысып, 75, 3 % дауысты Қасым-Жомарт КЕМЕЛҰЛЫиеленген. Осылайша Алматы облысынан кейін Қырымбек Көшербаев басқаратын облысхалқы Тоқаев мырзаға көп дауыс берді.

Қасым-ЖомартТоқаевтың «Назарбаевтың жолымен жүремін» деген сөзінен кейін-ақ Қызылордабасшысының өз орнында қалатыны белгілі болған. Өйткені былтыр 2018 жылыэкс-президент Нұрсұлтан НАЗАРБАЕВ Көшербаевтың қызметін 2021 жылға дейінұзартқан еді. Биыл 20 мамыр күні 64 жасқа толған шенеунік Қызылорда облысын2013 жылдан бері басқарып келеді.

Білім және ғылымминистрі, Үкімет басшысының орынбасары, елші сынды лауазымды қызметтердіатқарған. Владимир ПУТИННЕН бұрын «Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті –Елбасы Нұрсұлтан НАЗАРБАЕВ» орденімен 2015 жылы-ақ марапатталған. Айтпақшы,өзге шенеуніктер сынды Қырымбек Көшербаевтың да ғылыми атағы бар. Ол саясаттануғылымдарының докторы және философия ғылымдарының кандидаты.

Фото: nur.kz

Тегтер: Без Тега
Қуаныш  Қаппас
Қуаныш Қаппас Қуаныш Қаппас

Оқыңыз