Өңір

Фирдоуси ауылында суда қалған екі тұрғын құтқарылды (видео)

Түркістан облысының полицейлері су ортасында қалып қойған екі тұрғынды құтқарды.

Фирдоуси ауылында суда қалған екі тұрғын құтқарылды (видео)

 Мақтаарал ауданында су басқан ауылдарда өз қызметтерін атқарып жүрген полицейлерге, Фирдоуси ауылындағы ферма аумағында қалып кеткен адамдар көмек сұрап хабарласады. Хабар келісімен осы аймаққа бекітілген учаскелік полиция инспекторы, жанына еріктілерді алып, су басқан Фирдоуси ауылына қайықпен шұғыл жетеді. Жан-жақты мұқият қарап шығып, қалып кеткен тұрғындарды іздеу жұмыстарын жүргізеді. Нәтижесінде судың ортасында тұрған екі тұрғынды тапты. Тез арада қайықтың бағытын сол жаққа бұрып, екі адамның жанына келіп, оларды қайыққа отырғызып, басқа адамдардың жоқтығына көз жеткізіп, екі жас жігітті қауіпсіз аймаққа шығарды.

Тегтер: Без Тега
Қуаныш  Қаппас
Қуаныш Қаппас Қуаныш Қаппас

Оқыңыз