Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
10:49, 27 Қыркүйек 2024

Футзалдан Қазақстан құрамасы әлем чемпионатының ширек финалына жолдама алды

у
Фото: gov.kz
Футзалдан Қазақстан ұлттық құрама командасы әлем чемпионатының ширек финалына жолдама алды.

Ташкентте өтіп жатқан футзалдан Әлем чемпионатында біздің жігіттер 1/8 финалда әлем чемпиондары Португалия құрамасын 1-2 есебімен жеңді.

Әндіжандағы кездесу 2:1 есебімен қазақстандық команданың пайдасына аяқталды. Қазақстан құрамасының сапындағы голдарды Шыңғыс Есенаманов пен Дәурен Тұрсағұлов соқты.

Бұл жеңіс Қазақстанға ширек финалға шығуға мүмкіндік берді, онда олар 27 қыркүйекте өтетін Аргентина-Хорватия 1/8 финалдық кездесуінің жеңімпазымен кездеседі.

Қазақстан - Португалия

Екі құрама осыған дейін 2021 жылы Литвада өткен Әлем Кубогының жартылай финалында кездесіп, пенальти сериясында Переней түбегінің өкілі жеңісті тойлаған.

Еске сала кетейік, Ұлттық құрама әлем чемпионатының плей-офф кезеңіне D тобынан 2-орынмен шықты. Рикардо Кака баптайтын ойыншылар Испаниямен тең түсіп (1-1), кейін Ливияны (8-0) және Жаңа Зеландияны (10-0) жеңген.

Тегтер: