Ақтауда мас күйінде көлік жүргізген әйел жалған жүктілік анықтамасымен жазадан құтылмақ болған
Ақтауда алкогольдік масаң күйде көлік жүргізген әйел әкімшілік жауапкершіліктен жалтару үшін сотқа жүктілік туралы жалған медициналық анықтама ұсынған.
Полиция әйелге қатысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама толтырған. Мұндай әрекет үшін заң бойынша 15 тәулікке әкімшілік қамаққа алу және жеті жылға көлік басқару құқығынан айыру жазасы қарастырылған.
Іс сотта қаралған кезде әйел жүктілігі туралы дәрігердің анықтамасын көрсеткен. Соған байланысты бірінші сатыдағы сот оны әкімшілік қамақтан босатып, тек жеті жыл мерзімге көлік басқару құқығынан айырған.
Алайда Ақтау қаласының прокуратурасы құжатты тексеріп, анықтаманың жалған екенін анықтаған. Прокурордың өтінішхаты бойынша Маңғыстау облыстық соты бірінші инстанцияның қаулысын өзгертіп, әйелді 15 тәулікке әкімшілік қамаққа алу туралы шешім шығарды.
Бұдан бөлек, медициналық құжатты қолдан жасау және пайдалану фактісі бойынша медицина қызметкері мен құқық бұзушыға қатысты Қылмыстық кодекстің 85-бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды.