Блогер Ерболат Жанабыловтың соты БАҚ өкілдерінің қатысуынсыз өтіп жатыр
Астанада блогер Ерболат Жанабыловқа қатысты отбасылық-тұрмыстық қатынастар саласындағы құқыққа қайшы әрекет туралы әкімшілік іс бойынша сот отырысы басталды.
Іс Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 73-бабының 1-бөлігі бойынша қаралып жатыр.
Сот отырысы кезінде Ерболат Жанабылов пен жәбірленуші Эльмира Төлегенова істі журналистердің қатысуынсыз қарауды сұраған. Осыдан кейін БАҚ өкілдерінен сот залынан шығу талап етілді.
Әкімшілік іс ерлі-зайыптылар арасындағы тұрмыстық жанжалға байланысты қозғалған. Бұған дейін әлеуметтік желілерде Эльмира Төлегенова болған жағдай туралы жазып, қолдарындағы қызарған іздерді көрсеткен жазбаларын жариялаған.