COVID-19

Ғалымдар Қазақстанда пандемияның қашан аяқталатынын есептеп шығарды

Шетелдік ғалымдардың пайымдауынша, Қазақстанда 28 шілдедекоронавирус инфекциясының таралуы тоқтауы мүмкін.

Ғалымдар Қазақстанда пандемияның қашан аяқталатынын есептеп шығарды

Сингапурдың Технологиялар және дизайн университеті мен МассачусетсТехнологиялар институтының ғалымдары бірігіп, бірнеше елдегі, соның ішіндеҚазақстандағы COVID-19 пандемиясының аяқталу мерзімін болжады. Болжамдардыесептеу үшін математикалық SIR-моделі қолданылды, деп хабарлайды Хабар-24.

Ол науқастардың санын, белгілі бір уақытта вирусты жұқтырғанадамдарды, сондай-ақ адамдар арасындағы байланыстың қарқындылығын ескереді, депхабарлайды Naked Science.

Есептеулер бойынша Қазақстанда коронавирус пандемиясы сәуірдіңсоңында шарықтау шегінен өтті. Науқастар саны 2 маусымда 97 пайызға, 14маусымда 99 пайызға азаяды. Ал 28 шілдеде коронавирус инфекциясының таралуытоқтауы мүмкін.

Сингапур ғалымдары пандемия әлем бойынша 2020 жылдың 1желтоқсанына дейін 100 пайыз аяқталады деп болжап отыр. Дегенмен қандай болжамжасалса да сақтық шараларын ұстанып, індеттен абай болуға шақырады.Зерттеушілердің пікірінше, жасалған барлық есептеулерді зерттеу ретіндеқабылдау керек және олар дәл келмеуі де мүмкін.

 

Тегтер: Без Тега
Қуаныш  Қаппас
Қуаныш Қаппас Қуаныш Қаппас

Оқыңыз