Саясат

Генерал Шабдарбаевтың ұлы жаңа қызметке тағайындалды

Қазақстанпрезиденті Қасым-Жомарт ТОҚАЕВТЫҢ өкімімен Нұрлан Амангелдіұлы ШАБДАР ҚазақстанРеспубликасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасыныңорынбасары қызметіне тағайындалды.

Генерал Шабдарбаевтың ұлы жаңа қызметке тағайындалды

Бұл туралы «Жас АЛАШ» akorda.kzсілтеме жасап хабарлайды.  

НұрланАМАНГЕЛДІҰЛЫ бұл саланың жұмысынан бейхабар дей алмассыз. Аталған агенттіктіңАлматы қалалық департаментін басқарған. Ақтөбе, СҚО-ның қаржы полициясыныңдепартаментіне де жетекшілік еткен. 2010 жылы сол кездегі Жоғарғы соттыңтөрағасы Мұсабек ӘЛІМБЕКОВТЫҢ кеңесшісі болған.

НұрланШабдардың әкесі Қазақстанның экс-президенті Нұрсұлтан НАЗАРБАЕВТЫҢ сенімдісаяси серіктерінің бірі болған. 1992 жылы өзінің мансабын президенттің күзетқызметінен бастаған. 2002 жылы президент күзет қызметінің бастығы болыптағайындалды. 2006 жылы Нұрсұлтан ӘБІШҰЛЫНЫҢ жарлығымен генерал-лейтенантШабдарбаев ҰҚК-нің төрағасы болды. 2009 жылы президенттің кеңесшісі, 2012 жылыРеспубликалық гвардияның бас қолбасшысы қызметіне келді.

Ендіміне әке жолын Нұрлан Амангелдіұлы жалғап келеді.

Фото: mkala.org

 

Тегтер: Без Тега
Қуаныш  Қаппас
Қуаныш Қаппас Қуаныш Қаппас

Оқыңыз