Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
10:54, 12 Сәуір 2024

Ғылым қызметкерлері күні қарсаңында «Фараби» обсерваториясы ашылды

ы
Фото: из открытых источников

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде Ғылым қызметкерлері күні мен Халықаралық ғарышкерлер күні қарсаңында «Фараби» заманауи обсерваториясы ашылды.

Қазақстандағы ЖОО-лар арасында тұңғыш рет іске қосылып жатқан бұл орталық соңғы үлгідегі телескоптар арқылы аспан әлемімен танысып, зерттеу жұмыстарын жүргізуге мол мүмкіндік береді дейді мамандар. 

Аталмыш нысан оптикасының диагоналы 12 дюйм және фокустық ұзындығы 3048 мм болатын «Meade LX90-ACF оқу» телескопымен жабдықталған. Сонымен қатар мұнда қолданбалы телескоптың үш түрі қойылған. Телескоптар Сатурн, Марс, Юпитер ғаламшарын және олардың серіктерін, жұлдыздарды, Айды, Күн жүйесіндегі өзге планеталарды, жақын ғарыштық денелерді бақылауға мүмкіндік береді.

Алдағы уақытта обсерваторияда студенттер үшін тәжірибелік сабақтардың бір бөлігін өткізу жоспарланып отыр. Бұл тәсіл білім алушыларға далалық жағдайда білімдерін шыңдауға және еркін форматта сабақ оқулары үшін тиімді болмақ.

Дизайны күмбезді шатыр ретінде жасалған «Фараби» обсерваториясы ҚазҰУ қалашығындағы Әл-Фараби кітапханасының алдындағы ашық алаңға орналастырылған.

Фото: ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі

Тегтер: