12:16, 27 Мамыр 2024
Гитанас Науседа Литва президенті болып қайта сайланды
Литвадағы президент сайлауының екінші турында қазіргі мемлекет басшысы Гитанас Науседа жеңіске жетті.
BBC мәліметінше, ол сайлаушылардың 75 пайыз дауысын жинаған, ал, халықтың 23 пайызы оның қарсыласы премьер-министр Ингрида Симонитеге дауыс берді. Науседа да, Симонайте де Украинаны қолдайды және Ресейді қатты сынайтыны айылған.
Вильнюстің Узупис ауданындағы сайлау штабында, журналистер алдында сөйлеген Науседа қарсыласы Симонитеге пікірталас үшін алғыс айтып, қорғаныс мәселелері мемлекет үшін басымдық болып қала беретініне уәде берді.
«Мен Литва халқына үлкен алғысымды білдіргім келеді. Маған үлкен сенім мандаты берілді және мен бұл сенімді бағалау керек екенін түсінемін», - деп келтіреді литвалық БАҚ Науседаның сөзін.
Фото: Reutres