12:41, 21 Қазан 2024
«Грузия Еуропалық Одақты таңдайды». Тбилисиде 50 мыңға жуық адам көшеге шықты
Грузияның Тбилиси қаласында Еуропалық Одаққа кіруді қолдауға арналған ауқымды шара өтті.
«Азаттық» радиосының хабарлауынша, «Грузия Еуропалық одақты таңдайды» шеруі әртүрлі деректер бойынша 40-50 мың адам қатысқан.
Акция барысында оппозиция жетекшілері, қоғам қайраткерлері, әнші-ақындар сөз сөйледі. Олар азаматтарды қазанның 26-сы күні өтетін парламенттік сайлауда төрт оппозициялық партияның біріне биліктегі «Грузин арманы» (ол ресейшіл деп аталады) партиясын ауыстыруға дауыс беруге шақырды.
Жиынға ел президенті Саломе Зурабишвили де қатысты. Ол мыңдаған адамның сайлауалды митингісін ұмытылмас тарихи оқиға деп атады.