Сараптама

Грузияда орта ғасырлық ғибадатхананы көшкін басып қалды (видео)

Грузиядағы ортағасырлық Шиомгвиме монастырының маңында көшкін жүрді, деп хабарлайды «Рустави 2» телеарнасы.

Грузияда орта ғасырлық ғибадатхананы көшкін басып қалды (видео)

Алдын ала мәлімет бойынша, зардап шеккендер жоқ. Көшкін астында біреудің бар-жоғы әзірге белгісіз.

Оқиға орнында құтқарушылар жүр.

Грузин Патриархатында атап өтілгендей, бұл аймақта бұрын да осындай оқиғалар болған, бірақ бұл жолы «салыстырмалы түрде ауқымды оқиға» орын алды.

Әлеуметтік желіде жарияланған кадрларда туристер менмонахтардың монастырь аумағынан асығыс кетіп бара жатқаны, құм мен шаңның қалың бұлты айналаны торлап жатқаны көрсетілген.

Қауіпсіздік мақсатында қазір монастырь маңындағы аумаққа кіруге шектеу қойылды. Мцхета-Мтианети облысы губернаторының орынбасары Гоча Кавтарадзенің айтуынша, қазір геологтар жағдайды зерттеу үшін Шиомгвимеде күтіп отыр.

«Шиомгвиме монастырының маңында, екінші жағында, 200 метр биіктікте жартасты беткей құлады. Құлаған масса ешқандай зақым келтірмеді», — деді Кавтарадзе.

Монастырь Мтквари өзенінің жағасындағы (Мцхета облысы) тар әктас шатқалында орналасқан. Тбилиси бұл жерден 30 шақырымдай жерде.

Бұл аумақта алғашқы ғимараттар VI ғасырда пайда болды. Бұл қауымдастықты Грузияға христиан миссионерлері ретінде келген он үш ассириялық әкейдің бірі монах Шио құрған. VI ғасырдың соңына қарай монастырь халқының саны екі мыңнан асты. Кейінірек монастырь мәдени және діни өмірдің жанданған орталығына айналды, Грузия католикосының өзі оның қамқоршысы болды.

Парсы шапқыншылығы кезінде монастырь екі рет жойылды, бірақ әр жолы ол қалпына келтірілді. ХІХ ғасырда ауқымды қайта жөндеу жұмысы жүргізілді.

Тегтер: Без Тега
Т. Раушанұлы
Т. Раушанұлы Т. Раушанұлы

Оқыңыз