Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
09:08, 10 Шілде 2024

Грузияның Еуропалық одаққа кіру процесі тоқтатылды

к
Фото: eurointegration.com.ua

Грузияның Еуроодаққа қосылу процесі тоқтатылды. Бұл туралы одақтың Грузиядағы елшісі Павел Герчинский айтты, деп жазады Meduza агенттігі.

Өкінішке орай, қазіргі уақытта Грузияның Еуропалық Одаққа кіру процесі тоқтатылды. Бұл шынымен де қайғылы және көңіл көншітпейді, өйткені біз басқа үміткер елдермен бірге жылдам прогреске қол жеткізіп жатырмыз. Өздеріңіз білесіздер, осы шешімнің ертеңіне Еуроодақ Украина мен Молдованың қосылуы туралы келіссөздерді бастады. Грузиядағы сайлаудан кейін, қазан айында жаңа үкімет Еуроодақпен интеграцияға қайта кіріседі деп шын жүректен үміттенемін, деді Герчинский.

Елші Еуропалық Одақ басшылары 27 маусымда Брюссельде өткен кездесуден кейін Грузияның қосылу процесін тоқтату туралы шешім қабылдағанын атап өтті.

Шешімде Еуропалық Кеңес «Грузиядағы соңғы оқиғаларға, атап айтқанда, «Шетелдік агент туралы» заңның қабылдануына байланысты елеулі алаңдаушылық білдіретіні айтылған.

«Еуроодақ кеңесі Грузия билігін өз ниетін түсіндіруге және Грузияның ЕО-ға кіру жолына қауіп төндіретін, қосылу процесін іс жүзінде тоқтауға әкелетін қазіргі әрекет бағытын өзгертуге шақырады», - делінген шешімде.